jasqazaq.kz

Ахметбек Нұрсила: Омар Жәлелді көрсем, мұрнын бұзар ем

09 қантар 2024, 13:22


Танымал кәсіпкер, бизнесмен Ахметбек Нұрсила “Менің өмірім” бағдарламасына қатысып, сабағын сататын психологтарға тоқталды, деп жазды Stan.kz.

Кәсіпкердің айтуынша абайтанушы ғалым Омар Жәлел халықты алдап жүрген көрінеді.
“Ең қауіптісі – Омар Жәлел мен Жанат Қожамжаров. Сюцай ілімін насихаттап жүр. Екеуіне де айтқанмын, қазір де айта аламын. Әсіресе Омар Жәлелді көрсем, мұрнын бұзар едім. Ол халықтың санасын улап жатыр. Адаммен қарым-қатынас құратын тілі ғана күшті. Тарихта тілімен баурап алатын Гитлер секілді адамдардың жалғасы. Қазаққа қасірет әкеліп жатыр. Бәрін өз нәпсісі үшін жасайды. Менен екі рет кешірім сұрады. Ол лотерея ойнатып, кітапты сатты. Лотерея – өтірік нәрсе. Қызыл тілдің арқасында дінмен де, Абаймен де дұрыс етіп шығарады. Беті қалың ғой. Артынан мойындап, кешірім сұрады», –дейді кәсіпкер.
Сонымен қатар Сюцай ілімінің негізін қалаушы Жанат Қожамжаровтың да әрекетін әшкереледі.
“Ол қазақтың әйелдерін несиеге кіргізіп, бір миллион теңгеден жинап алады. Одан кейін «сертификат алсаң, тренинг өткізіп, осы ақшаның екі есесін тауып аласың» деп алдайды. Ал не үйретеді десеңіз, әйелдерді жалаңаш шешіндіріп отырғызып қояды. Сосын арқасына су бүркеді. Барып келгендердің бәрі зар жылап келді. Бірақ әлеуметтік желіге ешқайсысы айтқысы келмейді. Ал Омар Жәлел соның продюсері болды. Олар қанша адамның обалына қалып жүр. Мұны тоқтату керек», – дейді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі