jasqazaq.kz

Ахмет Байтұрсыновты білмейтін жастар көп

13 мамыр 2017, 14:30

Менің көлігіме мінген адамдарға танымдық сұрақтар қоятын әдетім бар. Осы уақытқа дейін 300-ден аса адамдар мінгізген екенмін, соның екі-үшеуінен басқасы «демократия» сөзінің мәнісін, қазақтың тарихи тұлғаларының кім екенін білмеді.

Көптен бері жолда адам алмай қойған едім. Бүгін Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойында бір қыз қол көтерді. Тоқтадым, көлігіме отырғасын өзінің баратын жерін айтты. Мен оған: «Бір шартым бар. Қойған сұрағыма жауап берсең тегін апарамын, жауап бере алмасаң түсіріп кетемін», – дедім.

Бұл қыз Шымкенттегі «Парасат» колледжінде «тәлімгер-педагог» мамандығы бойынша 4-курста оқиды, өзі Бадам ауылынан екен. «Демократия» деген сөздің мағынасын білесің бе?» – деп сұрадым. «Ондайды оқымағанбыз», – деді қыз. «Қалай білмейсің? Болашақ педагог емессің бе? Ал қазақ тілінде педагогиканы тұңғыш рет кім жазған?» – деп сұрадым. Оны да білмейді екен. «Аға, түсіп қала салайыншы», – деді қысылып. «Студент екенсің, баратын жеріңе жеткізіп сала­йын», – дедім. Ахмет Байтұрсыновтың кім екенін сұрап едім, оны да білмейтін болып шықты.

Бүгінде «Болашағымыз – жастар» деп ұрандатып жүрміз. Ал осындай жастарға сенуге бола ма?

Жастарды қараңғылыққа тәрбиелеп жатқан Білім министрлерін итжеккенге айдау керек. Билік қайда қарап отыр? Ол жерде де мақаулар ма? Осыдан кейін қалай ашуың келмейді?!

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ

zamana.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде