jasqazaq.kz

Агроөнеркәсіптік кешенді несиелеу тәсілі өзгереді

23 мамыр 2023, 13:06

Бұдан былай агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие берудің жаңа тәсілдері енгізіледі. Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында осы мәселе қамтылды.

«Агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2022 жылдар аралығында АӨК субъектілерін субсидиялауға шамамен 1,7 трлн теңге (2018 жылы – 226 млрд теңге; 2019 жылы – 323,2 млрд теңге; 2020 жылы – 362,6 млрд теңге; 2021 жылы – 371,5 млрд теңге; 2022 жылы – 450 млрд теңге) бөлді. Сонымен қатар, АӨК субъектілеріне несие беруде жаңа тәсілдерді енгізу бойынша іс-шаралар қабылдануда. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарыз беру шарттары барынша жеңілдетілген. биылдың өзінде бұл мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен 65-ке жуық сүт-тауар фермаларының құрылысы қаржыландырылатын болады. Бұл ретте, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде елдер қабылдаған қолданыстағы міндеттемелер аясында 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құнынан ішкі қолдау деңгейі Беларусь Республикасында 10% міндеттеме кезінде 2,5%, Қазақстан Республикасында 8,5% міндеттеме кезінде 4,8%, Қырғыз Республикасында 5% міндеттеме кезінде 0,13% және Ресей Федерациясында 5% міндеттеме кезінде 2,88% құрайтынын атап өту қажет. Осылайша, АӨК субъектілеріне мемлекет көрсететін қолдау деңгейі басқа елдер көрсететін қолдаудың ұқсас деңгейімен байланысты екенін атап өтеміз», — делінген Әлихан Смайыловтың жауабында. Үкімет басшысының айтуынша, «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кеңінен тарату бойынша жұмыс басталды. Оған сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын, ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі шағын несие беру көзделеді. Пилоттық жобаны кеңінен тарату үшін осы жылға 17 мыңнан астам шағын несие беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі