jasqazaq.kz

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту: Жолдауда белгіленген басым бағыттар

03 қыркүйек 2025, 12:25

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік қауіпсіздігін, халықты жұмыспен қамтуды және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырылады. Үкімет Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын
көрсетіп отыр. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін және Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда Үкіметтің жүйелі жұмысын айғақтайды. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Қайта өңдеу саласы озық даму қарқынын көрсетіп отыр: азық-түлік өнімдерінің өндірісі 9,2%-ға өсіп, 2,13 трлн теңгені құрады, сусындар өндірісі 6,8%-ға (692,4 млрд теңге) артты. Өсімдік майының өндірісі (+24%), сары май (+10,4%), шұжық өнімдері (+9%), ұн өндірісі (+6,6%) өсті.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 442,7 млрд теңгеге (+26,5%) жетті, азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 104,2 млрд теңгені (+48%) құрады. Бұл ресурстар саланы жаңғыртуға және заманауи технология енгізуге бағытталды.
Слндай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу аграрлық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылуда.
Өткен жылы АӨК өнімдерін экспорттау көлемі $5,1 млрд болды, оның 52%-ы қайта өңделген өнімге тиесілі. Бұл $2,6 млрд құрайды, ал былтыр бұл көрсеткіш 43% болған, бұл отандық қайта өңдеу саласының тұрақты даму қарқыны мен бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын дәлелдейді.
JQ-Aqparat

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции