jasqazaq.kz

Ағаш кесемін деп тоқ соқты

04 шiлде 2023, 13:34

Павлодар облысында ағаш кесіп жатқан үш адамды тоқ соққан, екеуінің жағдайы ауыр. Рavlodarnews.kz. жазуынша оқыс оқиға Усолка шағын ауданында болған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлаған.

– Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған.

112 пультіне қоңырау сағат 09.28-де түскен. Оқиға орнында төрт құтқарушы, апаттар медицинасы орталығынан төрт қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі