jasqazaq.kz

АЭС Үлкен ауылында салынуы мүмкін

21 тамыз 2024, 16:07

Астанада АЭС-ке қатысты талқылау жиыны өтіпті. Бұл соңғы жиын дейді. 20-шы. Жиындар облыс орталықтары мен ірі мегаполистерде өткен.
«Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин АЭС-ке қатысты бірқатар ақпараттар айтқан. Сонымен:

ҚАЙДА САЛЫНАДЫ? АЭС салуға қатысты екі жер бар дейді. Курчатов және Үлкен ауылы. Екі ауыл да АЭС орналастыруға жарамды екенін МАГАТЭ мен Қазақстанның нормативтік құжаттары растаған көрінеді. Оң шешім қабылданса, осы екеуінің біреуіне салынуы мүмкін дейді. Соңында сол Үлкен ауылына тоқтайтын сияқты, себебі реакторларға көп көлемде су керек қой.

ҚАНДАЙ РЕАКТОР ҚОЙЫЛАДЫ? III және III+ буындарының су реакторлары қойылады дейді Жантикин. Бұл соңғы үлгідегі реакторлар және қазіргі уақытта бар реакторлардың ішіндегі ең қауіпсізі дегенді айтты.

КІМ САЛАДЫ? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. 2019 жылдан бастап үкімет «АЭС салу керек» деген әңгімені қозғай бастады. Сол кезден бері әлемнің түкпір-түкпірінен АЭС салған жетекші коммерциялық ұйымдардан 13 жоба ұсынылған екен. Солардың ішінен 4 жобаны таңдап алыпты. Олар: қытайлық CNNC компаниясы (қуаты 1200 МВт) HPR1000 реакторын, Кореядан ICHNP (қуаты 1400 МВт) APR1400 реакторын, ресейлік Росатом (қуаты 1200 МВт) ВВЭР-1200, Франциядан EDF (1200 МВт) компаниясы бар. Бұлардың қатарына тағы бір-екі компаниялар қосылуы мүмкін деген ақпарат бар. Ол Жапония және АҚШ-тан болуы мүмкін.

ҚҰРЫЛЫС МЕРЗІМІ ҚАНША УАҚЫТТЫ АЛАДЫ? Жантикиннің айтуынша станция құрылысына 8 мыңнан астам адам тартылады. Ал салынған АЭС кемі 60 жыл қызмет етеді деген болжам бар. Сарапшылар АЭС құрылысы 8-10 жылды алуы мүмкін дейді. Егер ойша есептесек, АЭС 2032-2034 жылдары бітуі мүмкін. 60 жыл қызмет етсе, 2090-2095 жылдары жұмысын тоқтатуы ғажап емес сияқты. Бұл менің қарапайым жеке есептеуім, сондықтан бұл есебім қате болуы да мүмкін.

Астанадағы талқылауда айтылған ақпараттар осындай. Қазір Қазақстандағы энергияның 70 пайызға жуығы көмірмен жұмыс істейтін станциялардан өндіріліп отыр. Оны азайту міндеттемесі бар. «Париж келісімі» деген бар. Сол бойынша әр ел көмірқышқыл газын бөлетін өндірістерді 2060 жылға дейін ақырындап азайту бойынша міндеттемелер алған. Қазақстан сол көмірмен жұмыс істейтін станциялардан ақырындап бас тартады, өйткені міндеттемесі бар. Оның орнына АЭС, жел және күн станцияларын салады. Қытайдағы сияқты.

 Асхат Қасенғали

Бүгін, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
Бүгін, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
Бүгін, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
Бүгін, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды