jasqazaq.kz

АЭС салу — бүгінгі күннің шындығы

27 маусым 2024, 22:02

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміндегі сөзін мұқият оқып шықтым.

Мен Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу мәселесін пысықтауға байланысты тапсырмасы жайлы мәселеге тоқталып өтсем.

Қазір әлем бойынша 31 мемлекет атом электр станциясын пайдаланып отыр. Бүгінгі таңда әлем елдері жаңа АЭС салуға талпыныс жасап жатыр. Жалпы әлемде атом энергиясын өндіруге сұраныс та, талап та артып келеді. Бұл мәселе былтыр желтоқсанда Дубайда өткен халықаралық климат саммитінде кеңінен талқыланған болатын. Міне сонда АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция сияқты 22 ел ядролық энергия өндіру көлемін 2050 жылға қарай 3 есе арттыру туралы декларацияға қол қойды. Бүгінгі таңда атом энергетикасына бет бұрған елдердің картасы алты құрлықты бірдей қамтиды.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.
Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды»,- деп Мемлекет басшысы бұл тақырыптың өзектілігі мен осындай елге маңызды мәселенің соңғы шешімін қабылдауды халықтың еншісінде екенін нақты басып атап өтті.

Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, экономикасы дамыған мемлекеттердің өзі, ары қарай дамуды қамтамасыз ету үшін тұрақты энергия көзінің қажеттілігін ескеріп отырғандығын байқауға болады. Оны шешіудің бірден-бір жолы атом электр стансасын салу екені бүгінгі күннің шындығы.

Соңғы шешімді қабылдау сіздер мен біздерден.

Амангелді Толамисов,

Сенат депутаты 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі