jasqazaq.kz

АЭС қашан салынып бітеді? Энергетика министрлігі жауап берді

24 желтоқсан 2024, 12:03

Энергетика министрлігі Jas Qazaq-тың елімізде атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты сауалына ресми жауап берді.
Министрлік мәлімдеуінше, қазір АЭС салу үшін кіммен жұмыс істейтінімізді анықтау процесі жүріп жатыр. Бұл серіктестердің технологиялары мен тәжірибесін қарастырып, талдауды қамтиды.
Сонымен қатар, министрлік қазіргі уақытта АЭС құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегенін хабарлады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, екі блокты ірі қуатты атом электр станциясын салуға орта есеппен 10-11 жыл уақыт қажет. Ал Қазақстанда бұл құрылысқа қатысты нақты мерзім мен шығын көлемі реакторлық технология таңдалып, жобалық құжаттар дайындалғаннан кейін белгілі болмақ.

Ұсынылған технологиялар техникалық, экологиялық және экономикалық тұрғыдан мұқият зерттеледі. Бұл процестің негізгі мақсаты – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең заманауи әрі тиімді технологияны таңдау.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: gov.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі