
Елімізде салынуы мүмкін АЭС экологияға әсер ете ме? Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдуәлиевке журналистер тарапынан осындай сауал қойылды.
«Атомдық электр станса бойынша біздің министрлікке ешқандай құжат түскен жоқ. Түскен жағдайда бұл бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сол қоғамдық тыңдауларда осы сұрақтарды қойып, жауап алуға болады. Бұл АЭС-ті энергетика министрлігі өз құзыретінде қарастырып отыр. Бізге жоба келген кезде өз шешімімізді береміз», — деді деп жауап берді А.Әбдуәлиев.
JQ-Aqparat