jasqazaq.kz

Адвокаттар куәгер Элмира Нұрбекованың жауабы бір-бірімен қиыспайтынын мәлімдеді

28 сәуiр 2025, 12:55

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысында куәгер Элмира Нұрбекова жауап беруін жалғастырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Төрт баланың анасы, 33 жастағы Эльмира Нұрбекованы сол күні сотталушылардың бірі шақырған. Барлығы кафеде отырған. Содан кейін дүкеннің алдына барған.

Жәбірленушілердің адвокаты одан пышақ Шерзат Болаттың қай жеріне сұғылғаны туралы қайдан білетінін сұрады.
«Оқиғадан кейін бізді екі күн қатарынан сол жерде ұстады, тамақсыз, ұйқысыз. Бізден 100-ге жуық адам жауап алды. Сондықтан олар не туралы жауап алғаны да есімде жоқ. Мен жауапты орысша бердім. Олар қазақшаға аударып жазды. Басты мақсатым – қол қойып, тез үйіме қайту болды», — деді куәгер.
Сотта жәбірленушілердің адвокаты Нұрбекованың былтырғы қазанда берген жауабының бейнежазбасын қосуды сұрады. Оның айтуынша, Эльмира Нұрбекова жауабын қазақ тілінде берген.

Адвокаттар осы куәгердің Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген пікірде. Қорғаушы Мейірман Шекеев: «Егер ол оқиға болған жерде өз еркімен жүріп, бәрін өз көзімен көре тұра көмек шақырмаса, біздіңше, оның осы іске қатысы бар», — деп мәлімдеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі