jasqazaq.kz

АДК сауда кешеніндегі сорақылыққа қатысты пікір

19 қараша 2016, 21:34

Өткен аптаның сенбісінде Алматының АДК сауда-кешенінде келеңсіз жағдай болған еді. Сауда, ойын-сауық орталығы өз дүкеніне жарнама жасау үшін, дүкенге шешініп келген сатып алушылардың барлығына 5000 теңгенің затын тегін берген болатын, деп хабарлайды BNews.kz.

adk

Осы сорақы қылық басталған күні-ақ, шешінуге дайын қала тұрғындарының қарасы бірден көбейген. Ақыры бұл іс елдің ықпалымен әлеуметтік желі арқылы барша жұртқа аян болып, 2-3 күннің ішінде қоғам ішінде талай талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырды. Тіпті, сауда орнын жазалау мақсатында әлеуметтік желілерде әртүрлі топтар ұран көтерді.+

Қалыптасқан жағдайға қатысты Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі бүгін дөңгелек үстел басына осы оқиғаға қатысы бар тараптардың бәрін жинауды ұйғарып отыр. Яғни, кешеннің өкілі, қалалық әкімшілік, соның ішінде кәсіпкерлік басқармасы, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамакен» ұлттық палатасы өкілі және қоғам белсенділері, қоғамдық кеңес мүшелері үстел басында осы жағдайды ашық талқылауы қажет.

Елдің наразылығы, биліктің көзқарасы, қоғамдық кеңестің ресми пікірі ертең айқындалмақ. Жиын нәтижесі бойынша Қоғамдық Кеңестің үндеуі жарияланып, қала әкіміне нақты ұсынысы беріледі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде