jasqazaq.kz

«Адамдар жалқауланып бара жатыр»: Роза Әлқожа қонақты үйіне емес, дәмханаға шақыратындарды сынады (Видео)

21 мамыр 2025, 12:05

Белгілі әнші Роза Әлқожа үйіне қонақ шақырмай, мейрамханадан күтетіндерді сынап, жазба жариялады. 
Өнер иесі үнемі шаңырағына қонақ шақыратынын айтып өтті.

«Жақсылардың басын қосып ішкен бір шәугім шай бәрінен тәтті. Бүгінгі заманда адамдар жалқауланып бара жатқаны жасырын емес. Ал көңілді көтеретін, жүректі жұмсартатын – жылы жүздесу. Маған үйде бір ауық мал сойылып, ет асылып, бауырсақ пісірілмесе, қонақ келмесе береке болмай тұрғандай көрінеді. Дәмханадан іше салғаннан төр көрсеткен, төредей төрге шығарғанның жөні бөлек. Осы нағыз қазақы қалыбыммен қала беретін шығармын?!» – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы үйде дастархан жайылмаса, береке болмай тұрғандай сезінетінін айтты. Ол рестораннан тамақ ішкеннен гөрі, үйде төр көрсетіп, нағыз қазақы мейман күту – ерекше ыстық екенін жеткізді.

«Кеше аяқ астынан қонақ шақырдық. Үш жылдан бері сапарға бірге шығып, қуанышымды бөліскен Әділ Өтемістің ата-анасын, нағашы әпкелерімді, құдаларымды үйге шақырдым. Ана дүниенің қандайлығын көрерміз, ал мына дүниеде дәм-тұз қарыз болып қалмайық…», – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы