jasqazaq.kz

Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтар құрықталды

28 шiлде 2025, 11:36

Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері мен прокуратура органдарының бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп jasqazaq.kz.
Polisia.kz мәліметінше, қылмыскерлер интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдалана отырып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған. Олар ұйымдасқан түрде әрекет етіп, миллиардтап ақша тапқан.
Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады. Тінту кезінде ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.
JQ-Aqparat
Сурет: рolisia.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды