jasqazaq.kz

Адам бүйрегін сатпақ болған қылмыстық топ құрықталды

27 қараша 2023, 12:21

Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов елдегі адам саудасымен байланысты қылмыстық істердің статистикасын ұсынды.

«Жыл басынан бері полиция органдары осы санаттағы 124 қылмысты тіркеді. Адам саудасына қатысты – 27 факті, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарды сату – 22. Жезөкшелікке тарту — 10 факті, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарды тарту – 5. Адам ағзасын сату – 4 факті, қанау мақсатымен бас бостандығынан айыру – 4. Притондар ұйымдастыру, жеңгетайлық – 79 факті», — деді ол ведомствоның апта сайын өтетін брифингісінде.

Министрліктің редакцияға жолдаған қосымша мәліметінде ағза сатумен тұтас бір қылмыстық топ айналысқаны айтылған.
«ІІМ адам ағзаларын алып, сату схемасын ұйымдастырған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Полицияға 23 адам жеткізілді, олардың үшеуі қамауға алынды. Жедел-профилактикалық шара кезінде қосымша эпизод анықталды. Барлығы қазақстандықтар. Күдіктілер Алматы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы аумағында ұсталдын. Олар адам бүйрегін сатпақ болған», — делінген мәліметте.

Министрлік өкілі «Стоп трафик» жедел-алдын алу шарасы адам саудасына қатысты тың деректер анықтағанын атап өтті.
«Жуықта ғана «Стоп трафик» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтті. Соның барысында 39 қылмыс әшкере болды. Оның ішінде біреуі адам ағзасын сатумен байланысты. Еңбекті қанау мақсатымен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі анықталды. Адам саудасының 7 жағдайы тіркелді. Оның ішінде бесеуі кәмелет жасына толмағандарды сатқан. Жезөкшелікке итермелеудің 4 фактісі әшкере болды. Оның ішінде үшеуі кәмелет жасына толмаған. Сондай-ақ притон ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысудың 24 дерегі анықталды.

Жезөкшелік пен жеңгетайлық ұйымдастырылатынын біле отырып ғимаратты жалға ұсынғаны үшін 51 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді. Сонымен бірге қоғамдық орында мазаны алудың 708 оқиғасы анықталды», — деді Қанат Нұрмағамбетов.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры