jasqazaq.kz

«Абырой» белсенділері заңсыз әрекеті үшін ұсталды

21 мамыр 2016, 11:29

KMO_096855_03239_1_t218_105118

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап «Абырой» ҚБ-нің көшбасшылары мен белсенділері заңсыз жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруға әрекеттенді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл мақсатта электрондық БАҚ және WhatsApр мессенджері арқылы Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының арасында заңсыз әрекеттерге шақырған арандатушылық үндеулер таратылды, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейбіт шеруді ұйымдастыру сылтауымен «белсенділер» аймақтың бейбіт тұрғындары зардап шегуі мүмкін болған топтық бұзақылық әрекеттер және жаппай тәртіпсіздік жолымен қоғамдық қауіпсіздікті бұзбақ болды.

Құқық қорғау органдары WhatsApр мессенджерінде қаскүнемдердің өзара жазысқан хат-хабарларын анықтады. Онда шабуыл жасау қаруларын (қоршау қадаларын) және спирттік ішімдіктерді дайындау туралы әңгіме жүрді. Бұл ретте қаскүнемдер өздері алдаған тұрғындарды «мал», «топас» және «басбұзарлармен» салыстырды. Аталған факті бойынша ағымдағы жылдың 5 мамырында БҚО ІІД ҚР ҚК 24-бабының 1-бөлімі — 272-бабының 1-бөлімімен (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға дайындалу) қылмыстық іс қозғалды. «Абырой»» ҚБ көшбасшыларының бірі — Орал қаласының тұрғыны Жанат Есентаевтың заңға қайшы әрекеттер фактісі бойынша БҚО ІІД ағымдағы жылдың 16 мамырында ҚР ҚК 174-бабының 1-бөліміне (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) сәйкес қылмыстық іс қозғады.

ҚР ӘМ-нің Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты өткізген сот-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес, Есентаевтың электрондық БАҚ-та таратқан үндеулерінде ұлттық алауыздықты өршіту белгілері болды. Сот санкциясымен өткізілген тексеру кезінде БҚО ІІД-нің тергеу-жедел тобы «Абырой» ҚБ-нің кеңсесінде Украинаның ұлттық туы мен «Жаңаөзен» жазулары бар қолға тағатын 80 белгі шүберегін алды. Аталған және басқа жиналған дәлелдер негізінде ағымдағы жылдың 18 мамырында «Абырой» ҚБ көшбасшыларының бірі Ж.М.Есентаев Орал қаласы сотының шешімімен ұсталып, қамалды.

Сондай-ақ, қаскүнемдердің бір-біріне жазған хат-хабарларын зерттеу барысында «Абырой» ҚБ-нің басқа көшбасшысы Исатай Өтеповтің Ақтөбе қаласының бұрынғы тұрғыны, 2014 жылдан бері Украинада «Правый сектор» ұйымымен қызмет атқарып жүрген Айдос Садықовтан Астана қаласы және Қазақстанның басқа облыстарында жаппай заңға қайшы акцияларды ұйымдастыру бойынша жасырын нұсқамалар алу фактісі анықталды. Заңсыз әрекеттері үшін И.Өтепов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 488-бабының 3-бөлімі (Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен
демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу
тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Орал қаласы сотының шешімімен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен бірге ол Ж.М.Есентаевпен бірге аталған қылмыстық істер бойынша қорғалу құқығы бар куәгер ретінде өтіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде