jasqazaq.kz

Абель Санчес: Головкиннің мықтылығын әлі көрген жоқпыз

09 қараша 2016, 4:13

photo_31284

Бапкер Абель Санчес BoxingScene басылымына берген сұқбатында Геннадий Головкиннің ауыр салмаққа өту жоспары туралы айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазір қазақстандық боксшы орта салмақта өнер көрсетіп жүр. Ол осы дивизионның бес белбеуінің төртеуіне ие. Оның басты мақсатының бірі WBO белбеуіне ие британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізу болып отыр.

Бірнеше апта бұрын Санчес Головкин ауыр салмақтағы үздік боксшыларды, атап айтқанда ресейлік Сергей Ковалев, америкалық Андре Уорд пен канадалық Адонис Стивенсонды жеңе алар еді деген болатын.

«Ол осы жігіттерді жеңе алатын ба еді деп сұрады, бұған менің жауабым: 168 фунт салмақта ол 160 фунтқа қарағанда көрсеткішін жақсарта түседі. Ол үш боксшыны Головкин жеңе алады. Біз Головиннің мықтылығын әлі көрген жоқпыз. Онда әзірге төрт белбеу ғана. Қазір мен басқа салмаққа өту туралы нақты мерзімді атай алмаймын.

Біз алға жылжуға дайынбыз, Головкин орта салмақтағы барлық белбеуді алады. Бұған бірнеше жыл керек болар, мүмкін тіпті 2017 жылы да алып қалады. Қазір біз басты мақсатымызды көздеп отырмыз, бірақ, мен Головкиннің 168 фунт салмақта күштірек боларын сезіп тұрмын», — дейді Санчес.

Бокс әлемінің көптеген мамандары Головкинге жартылай ауыр салмаққа өтуге кеңес беріп отыр. Оның ішінде, Ковалевпен жұмыс істейтін бапкер Дэвид Джексон бар. Ал Рой Джонс пен Бернард Хопкинс қазақстандықты Ковалев — Уорд кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жекке шығуға шақырды.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде