jasqazaq.kz

Әбдіжаппар Әлқожа: Қазіргі жастарға біз жұлдыз емеспіз

01 сәуiр 2023, 10:41

Бүгінде шоу-бизнестегі аға буын өкілі саналатын Әбдіжаппар Әлқожа сахнаға алғаш шыққанда темірдей тәртіп болғанын айтты.
“Бізге дейін тәртіп болды. Мейрамбек, Еркін Нұржанов, Сәкен ағаларымыз Төреғалиге, Нұрболатқа, маған алғаш сахнаға шыққан кезде “стойкаларыңды құртыңдар, аяғыңды қисайтпай тұр, еркін тұр” деп ақылын айтатын. Біз соны көріп өстік, бірақ мұны жас буынға айта алмаймыз, себебі әлеуметтік желі, You Tube дамып кеткен. Біз аға буын өкілдеріне құрметпен қарап, сыйлайтынбыз, олар бізге жұлдыз боп көрінетін. Ал қазіргі жастарға біз жұлдыз болып көрінбейміз. Ол шындық. Олардың әлемі бөлек, YouTube арнасы бар. “Маған бәрібір” дегендей, жеңіл үш ұйқас тауып алып, қайталай береді. Шетелден алған тректерін қойып алса болғаны. «Дедовщина» бізбен бітті”, – дейді ол өкпе-назын білдіріп.
Әнші ұрпақтар сабақтастығының бұзылуына өзінің де кінәлі екенін мойындады.
“Сол бір тәртіп қалып қойды. Мүмкін біз бос боп қалдық па? Әлде соған мән бермедік пе? Бәлкім аға бола алмай қалған шығармыз”, – деді Әбдіжаппар.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде