jasqazaq.kz

Абақтыда отырып алаяқтық жасады

01 сәуiр 2023, 11:48

Алматы облысының прокуратурасы сотталған азаматтың №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтық жасаумен айналысқанын анықтады.
2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.
Бұл дерек 02.03.2023 жылы мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4 – тармағының 190-бабы 3-бөлігі — “алаяқтық” бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.
Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.
Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін біздің өңір бойынша және Қазақстанның басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізілуде.
Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері «қызмет бойынша әрекетсіздік» — ҚР ҚК 370 – бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді