jasqazaq.kz

Абай облысындағы өрт: тағы бір адам хабарсыз кетті

12 маусым 2023, 11:16

Абай облысындағы орман өтін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті нақтылады. «Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», — деп жазды Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Департамент мәліметінше, тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде Сергей Архипов облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шығып кеткені жарияланған еді. Ол соңғы рет 9 маусым күні хабарға шығып, содан бері із-түзсіз жоғалған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі