jasqazaq.kz

Абай облысында өзен суы тасып, көпір қирады

27 наурыз 2024, 13:26


Абай облысы Аягөз ауданында өзен суы көтеріліп, көпірді қирады.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

«Жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» жолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып, бір бөлігі қирады. Әзірге көлік қатынасы тоқтатылды. Сонымен қатар басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады өңір әкімдігінен.
Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізу үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді. Олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен азаматтарды өткізіп отырады», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі