jasqazaq.kz

Абай облысында мал ұрлаған топ ұсталды

11 қараша 2024, 9:43

Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған.

Polisia.kz хабарлағандай, күдіктілер 50-ден астам жылқы ұрлаған. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі күйінде КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған.

«Соңғы бес жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
JQ-Aqparat

Сурет: polisia.kz

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі