jasqazaq.kz

Абай Бегейдің 18-ге толмаған қызын алып қашып кетті

15 тамыз 2024, 12:03

Әнші Абай Бегейдің 9-шы сынып бітірген қызын алып қашып кетті. Бұл жаңалықты желіге әншінің жұбайы жеткізді.

Фариза Жұманова: «Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты… Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетіі» деген хабар жетті… Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік.

Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі: «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін» деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, «Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін» деп батасын берді», – деп жазды.

Әлеуметтік желіде біреулер жастарға бақыт тілесе, енді біреулер: «Сымбат биыл ғана 9-сыныпты бітірді ғой, ерте емес пе?!»,

«Тұрмыс құруға ерте емес пе?» деп жазып жатыр.
Айта кетейік, біздің елімізде 18 толғанда ғана некелесуге рұқсат беріледі. Ал жасы 18 жасқа толмаса, ата-анасы жазбаша түрде келісім беруі шарт.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде