jasqazaq.kz

Абай Бегей: Заңгермен жүздесіп, мәселені қолға аламын

03 шiлде 2024, 12:41

Танымал әнші Абай Бегей әлеуметтік желіде блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлованы “алаяқ” деп айыптаған заңгерге қатысты ойымен бөлісті.

Айта кетейік, “Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шыққан еді.
«Ерке әуелден блогерлікпен айналысады. Мен оның сферасын білмейтін болғасын, онша хабарым жоқ. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салығын төлеп жатыр. Бәрі заң жүзінде жүзеге асып жатқан шаруалары. Бірақ жарнама жасап, телефон сатқанын білемін. Оны менің қызымнан басқа да көп блогер жарнамалады. Айнұр Асқарқызы да жеке парақшасына салды. Одан кейін ол кісі алаяқ болып шықты. Оны блогерлер де білмей қалды. Сол кезде қызыма да қара күйе жағылып кетті. Кешеден бері маған бірнеше адам жіберіп жатыр. Мені ол кісіні бұғаттап тастадым. Өйткені ол менің рұқсатымсыз фотом мен суретімді жариялапты. Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?! Мен ол жігітті танымайды екенмін, бірақ адамдардан сұрастырып жатырмын. Заңгерліктен гөрі, блогерлікке жақын жігіт екен. Мақсаты – блогер мен әншілерді аяқтан шалу. Солардың тірліктерін әшкерелеп, өзіне оқырман жинау. Жазғандарынан-ақ мақсаты белгілі болды. Қазір гастролдік сапармен Ақтау қаласында жүрмін. Алматыға жеткесін заңгер мен құқық қорғаушылармен жүздесіп, мәселені қолға аламын, – деп жауап берді әнші.

JQ-Aqparart

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі