jasqazaq.kz

Абай Бегей: Көрпеге аунаймын деп дауға қалдым

21 қараша 2023, 11:32

Жақында ұлын үйлендіріп, келін алған Абай Бегей тойдағы дәстүрлері үшін дауға қалды. Бұл туралы өнер иесі “Жұлдызды weekend” бағдарламасында айтты.

Алғашқы жарынан қалған Жалғас есімді ұлын үйлендіріп, Шымкенттен келін алған болатын.

“Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым “бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің” деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған”, – деп түсіндірді.

Әншінің айтуынша, оңтүстіктің салтынан аттап кете алмаған.

“Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отырғасын солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын”, – деп ақталды әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі