jasqazaq.kz

Ақжарқынның соты кейінге шегерілді

27 ақпан 2017, 15:09

ҚХР Гуандуң соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді жариялауды кейінге шегерді. Бұл туралы Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, бұл іс бойынша соңғы сот отырысы қашан болатыны әзірше белгісіз. «Мұның алдында сот отырысы 2017 жылдың 27-28 ақпанына белгіленген еді. Енді Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот үкімі қашан шығатыны қайтадан белгісіз қалып отыр. Сот отырысы өтетін күн мүдделі тұлғалардың барлығына хабарланады», — дейді адвокат. Қазақстандық студент қыз Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның жүгінен 4,5 килограмм есірткі табылған. Студент Малайзияға сапарлап бара жатқан еді. Қыз мұндай жүктің барын білмегенін, ал сөмкені өзге біреуге беріп жіберуге өтінгендерден алғанын айтқан. Қыздың ата-анасы Ақжарқынды алаяқтар өз мақсатында пайдаланбақ болды деген ойда. 2015 жылдың маусымында Қытай соты Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылдың 6 мамырында апелляциялық сот алғашқы шешімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде