jasqazaq.kz

Ағылшын ғалымдары еркекті СПИД-тен құтқарды

03 қазан 2016, 19:37

photo_29921

Ұлыбританияда алғаш рет ересек адам АИТВ вирусынан сауығып кетті. Бұл жайт туралы Оксфорд және Кембридж университеттері, Лондонның Университеттік және Корольдік коледждерінің дәрігерлері мәлімдеді, — деп хабарлайды Lenta.ru

44 жастағы ер азамат арнайы вирусқа қарсы терапия қабылдаған 50 кісінің ішінде сәтті емделген алғашқы адам. Ғалымдар жаңа әдістің АИТВ вирусын адам ағзасындағы белсенді жерлерде ғана емес, өне бойынан толық жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

The Sunday Times басылымының жазуынша, стандартты вирусқа қарсы терапия тек белсенді жасушаларды басып, зақымданған басқа T-лимфоциттерге әер етпейді. Осылайша, қолда бар дәрілер АИТВ-вирусының белсенділігін ғана бақылауда ұстайды да, одан толық айықтырмайды. Дегенмен, ғалымдар жаңа әдіс тәжірибеден өткізіліп жатқанын және әлі жаппай клиникалық қолданысқа арналмағанын атап өтті.

ДДҰ мәліметі бойынша, 2014 жылы 37 миллиондай адам АИТВ жұқтырған. Осы дерттен 34 миллион адам көз жұмған. Бұл дерттен жыл сайын 1,5 миллион адам көз жұмып, 2,2 миллион адам вирус тасушысы болады екен.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде