jasqazaq.kz

Қаңғыбас спортшының екі пәтері бар екен

21 қантар 2017, 11:55

Спорттық гимнастика бойынша КСРО-ның екі дүркін чемпионы Маским Цыганков өз атында пәтер барынан бейхабар болған. Қазір ол бейімдеу орталығында. Оны телеарнадан көрсеткелі бері, бұрынғы таныстары мен достары хабарласа бастады, – деп хабарлайды ктк  арнасы.

“Екі әйел келіп өздерін заңгер ретінде таныстырды. Максимнің атында екі пәтер барын айтты. Қазір осы ақпаратты хабарлағысы келетінін жеткізді”, – дейді Алматы қаласы бейімдеу әлеуметтік орталығының басшысы Ақмарал Бекетова.

Максим Цыганков бір кездері заңгерлік компанияда курьер әрі күзетші болып жұмыс істеген. Сонда жүріп біраз қағаздарға қол қойған. Қазір бұрынғы басшысы алаяқтығы үшін сотталған. Ал, Максим екі пәтердің иесі болып шыға келді.

Максим өзіне машина мен “Ягуар” джиптарының жазылғанын, бірақ бәрі заңды болғанын айтады.

Максимге досы, кеңестік кездегі гимнаст Ирина Брейгина келді. Ол досын жаңалықтардан көре салып бірінші болып хабарласқан.

“Біздің қолымыздан бәрі келеді. Максим жақсы өмір сүретін болады. Көмектескісі келетін адамдар саны көп екен”, – дейді Ирина.

Цыганковқа Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер мектебінде жұмыс та табыла кетті. Әріптестері Максимнің көз алдында жүріп жұмыс істегенін қалайды.

“Егер өзі қаласа, жұмыс та табылады. Біз әріптес болып бәріміз көмектесеміз. Ол біздің қасымызда, көз алдымызда жүрсе дейміз”, – дейді №9 ОРМБЖМ директоры Тахир Кашкули.

Максим әлі де басынан өтіп жатқан жайттарға сене алар емес. Өмір сүру үшін тағы бір мүмкіндік берілгенін айтады. Ал, өзінің айтуынш әпкесінің кесірінен далада қалғандықтан оны көргісі келмейді.

 Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде