
Павлодарда тазы иттерді қырып салды. Бұл туралы шағымын айтқан ит иелері мəлімдеп отыр.
Осы жағдайға байланысты Баянауыл аудандық мал дəрігерінің бас маманы Дүйсет Əмірханов, қаңғыбас иттердің атылатыны жайлы тұрғындарды хабардар еткенін айтады.
Ол «Ауыл тұрғындарының өздері қаңғыбас иттерді қаптап кеткені туралы арызданды. Олар жануарларға ғана емес, балаларға да шабуыл жасаған. Нəтижесінде ауылда 67 қаңғыған ит атылды», — дейді.
Қырылған иттердің арасында Қуаныш Жағыпаровтың да тазысы болған. Оның айтуынша, сегіз күнде жиырмаға жуық ерекше тұқымды иттер өлтірілген. Бұл туралы inforburo.kz хабарлады.