jasqazaq.kz

Қаңғыған ит деп қазақтың қадірлі тазысын қырып салды (видео)

02 наурыз 2017, 13:21

Баянауыл ауданы мал дәрігерлік бөлімі атылған тазылар туралы видеоның қайда түсірілгенін анықтауда.

pavlodarnews.kz хабарлағандай, Республикалық БАҚ-та Баянауыл ауданында сирек кездесетін иттерді атып тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, материалда иттердің көшеде емес, сарайда жатқаны түсірілген видео қолданылған. — Ағамның қорасында тұрған екі итті улап өлтірді, көршімнің төрт итін өлтірді. Иттеріміз далада жүрген жоқ. Аңшылыққа арналған иттер, сирек тұқымды. Ешкім ұрлап кетпеуі үшін иелері мұндай иттерді торда ұстайды. Оларды көшеге шығармайды. Улап өлтірген. Қаңғыбас ит болса, өліктері далада жатар еді ғой. Бұл нағыз жауыздық. Тазы жеті қазынаның бірі деп есептеледі. Ер жігіттің жүйрік аты, қыран құсы, құмай тазысы болуы керек деген сөз де бар. Бұл қазақтың ұлттық байлығы. Тазы итті сатуға немесе біреуге бере салуға болмайды. Күшіктері тек саудаланатын. Мұндай тұқымдағы иттер 5-7 миллион теңге тұрады. Бірақ мұнда мәселе ақшада емес, олардың сонша жауыздықпен өлтірілгенінде, — дейді тұрғындардың бірі Қуаныш Жағыпаров.

 

https://www.youtube.com/watch?v=QCTOyshTDTk&feature=youtu.be

https://www.youtube.com/watch?v=kUQ7y09DVRA&feature=youtu.be

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді