jasqazaq.kz

Ақтауда әуеге көтерілген ұшақ қайта қонуға мәжбүр болды

26 ақпан 2017, 20:22

26 ақпан күні Ақтау-Мəскеу бағытында ұшатын ресейлік «Аэрофлот» əуе компаниясының US-1955 рейстегі ұшағы ұша сала қайтадан Ақтаудың халықаралық əуежайына қонуға мəжбүр болды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл туралы осы рейспен ұшпақ болған жолаушылар айтып берді. Ұшақ таңғы сағат 05.30 ұшуы керек еді. Алайда, аспанға көтерілген əуе кемесі 10-15 минуттан кейін қайтадан əуежайға қонған. Жолаушылардың айтуынша рейс 27 ақпан, түнгі мағат 01.00-ге шегерілген. «Таң атпай тіркеліп, борттағы орындарымызға жайғастық. Ұшқаннан кейін 10-15 минуттан кейін ұшақтың оң жағындағы қозғалтқыштан бір шу естілді. Ұшақтың бүкіл қозғалтқыштары істен шыққандай болды. Борт командирі техникалық себептерге байланысты Ақтауға қайта қонатынымызды айтты. Қонған кезде, ұшақтың ішінде керосиннің иісі сезілді», — деген жолаушылардың бірі жергілікті Лада басылымына берген сұхбатында. «Аэрофлот» компаниясының өкілі Əсем Қонысбайдың айтуынша, рейс кейіне шегерілгендіктен жолаушыларды қалаға алып шығатын көлік дайындалып, кейбір адамдар қонақ үйге жайғастырылған. «Əуе кемесі техникалық себептерге байланысты қайта қонды. Ұшақтағы олқылықтың себебін əлі нақты білмейміз. Техникалық ақауды анықтап, жөндеу үшін Мəскеуден маман келуі керек. Ал, адамдар дəл осы ұшақпен ұша ма, əлде басқа ұшақ беріле ме, ол да белгісіз», — деді Əсем Қонысбай.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде