jasqazaq.kz

Ақтауда сәбиді қорлағандар құрықталды

22 тамыз 2016, 0:05

Ақтауда белгісіз біреулер 6 жасар қызды ұрлап кетіп, зорлаған. Бұл туралы ТУМБА.kz сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген, ол немересін өзі іздей бастайды.

Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Полициядағылар басылым тілшілеріне қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны «Нұр Плаза» жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз тағы 30 минут жатып қалғанда, оны аман алып қалу қиын болатын еді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді