jasqazaq.kz

Ақтауда қорланған алты жасар қыз ауыр халде жатыр

22 тамыз 2016, 19:47

Снимок

Ақтауда зорланған алты жасар бала облыстық емхананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы «Ладаға» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қыз бала жансақтау бөлімінде жатқанын бас дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүлдіршінге ыстық өткен және аяусыз зорлыққа ұшыраған.

«Бүгінде қыз баланың жағдайы бірқалыпты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде. Ауыр халде көптеген жарақаттармен келіп түсті. Барлық қажетті сараптамаларды жасадық. Бүлдіршін аяусыз зорланған», — дейді Кәмшат Тұрсынбекова.

Бас дәрігердің айтуынша, қыз балаға барлық көмек көрсетілуде.

«Балақай әлі есін жинаған жоқ. Оның есін әлі жинамағаны дұрыс. Бұл миын сақтап қалу үшін керек. Себебі ол зорлыққа душар болды және ұзақ уақыт күннің астында қалды. Өзге де жарақаттары баршылық. Барлық қажетті медициналық көмекті бала қабылдап жатыр», — дейді Тұрсынбекова.

Еске салсақ, қыз бала 20 тамыз күні күндізгі уақытта жоғалып кетіп, оны бәрі жанұшыра іздеген болатын. 17:30-да балақайды зорланған күйде тапқан.

Маңғыстау облысының ІІД-і Қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде