jasqazaq.kz

Ақтауда қазақ және корей тілдері үйретілуде

30 желтоқсан 2016, 3:19

Ақтаудағы Достық үйінде «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің тілдерді үйрету жексенбілік мектебі ашылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ҚХА хабарлады.

Маңғыстау облысы тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ұйымдастырылып отырған жексенбілік мектепте қазақ және корей тілдерін тегін үйретеді. Сонымен қатар, қатысушылар бұл мектепте қос мемлекеттің мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы мен тұрмысы туралы білімдерін жетілдіреді. Дәрістер әр жексенбі сайын өтетін болады. Оған Маңғыстау облысының тіл үйренемін деп ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Жексенбілік мектептің ашылу күнінде-ақ 25 адам тіркеліп үлгерді. Олардың арасында, мектеп оқушылары, студенттер мен тіпті қарттар да бар. «Адам баласы қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты бай болады. Бұл жексенбілік мектептің жастар мен ересек буынның басын қосатыны мені қуантады. Олар тек мемлекеттік тілді ғана үйреніп қана қоймай, корей тілін де меңгере алады. Сондай-ақ, қазақ халқы мен корей ұлтының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын да зерттеуге бет бұрамыз», — дейді «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова. Жексенбілік мектеп ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында да өткен еді. Оған орыс, кәріс, әзірбайжан, украин ұлтынан құралған 18 адам мемлекеттік тілді үйреніп, арнайы сертификаттармен марапатталған болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде