
Маңғыстау облысының полицейлері Ақтаудағы көлік жарысына қатысқандарды іздестіріп жатыр.
Жарысқа қатысқан көліктегі камераға түсірілген видеода екі көліктің жарысқаны көрінеді. Видео авторы бәсекелесін қарсы бағытқа шығып, басып озады. Мұның аяғы жол-көлік оқиғасына әкеледі. Осы жерде видео үзіліп кеткен. Айта кетейік, Желідегі видеода жарысқа қатысқан екінші көліктің нөмірі көрінбейді.
https://www.youtube.com/watch?v=9BVg5MB-dME