jasqazaq.kz

Ақтөбеде жүргізушілер шу шығарды

27 наурыз 2017, 22:30

Ақтөбелік көлік жүргізушілер көгілдір отыннан тарығып отыр. Қаладағы жанармай бекеттерінің барлығында дерлік бір аптадан бері газ сатылмайды. Тек жергілікті мұнай-газ өндіретін алпауыт компанияның май құятын санаулы орталығында ғана қызмет көрсетілуде. Оның өзінде кезекке тұрған көліктер бірнеше шақырымға жеткен. Жүргізушілер қара алтынның үстінде отырып үнемі осындай дүрбелең тудыратын газ тасымалдаушыларға өкпелі. Өйткені, бағаны өсірер алдында көгілдір отын сатпай, жұртты осылай әбігерге салатын олардың ескі әдеті. Жаңалық Ахаш газ таппай сенделген жүргізушілердің жанайқайын тыңдап келді.

Ақтөбедегі сұйытылған газын сататын орындардың барлығы дерлік қолында талоны барларды ғана жарылқайды. Бір аптадан бері бекеттеріне ескерту іліп, көгілдір отын құйылған бөшкелерін бітеп қойған. Сондықтан газ іздеп сандалған жүргізушілер айналдырған үш бекеттің алдында таң сәріден кезекке тұруға мәжбүр.

Асылхан Игіманов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Бір апта газ жоқ. Жүрміз. Жұмыс қалады. Қазір отырмыз кезекте.

Қазір бекеттердегі кезектің өзі бірнеше шақырымға жеткен. Мұндай дүрбелең аймақта жарты жыл сайын қайталанып келеді. Осылай газ тапшылығы сезілген сайын, іле-шала баға да өсетін болған.

Болатбек Жиенбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Алпыс теңгеден алсаң бар депті. Шопырлар айтып келіп жатыр ғой Баға көтеру үшін өсітеді ғой.

Ақтөбеге күніне 180 мың литр газ әкелінеді екен. Бірақ оның жүргізушілерге неге жетпей жатқанын шенеуніктер зәрттеп әлек. Әйтсе де, әкімдіктегілер бағаға қатысты тұщымды ештеңе айта алмай отыр.

Жанат Жұбанышов, Ақтөбе облыстық энергетика және комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

— Бұл газдың қалыпты бағасы. Энергетика министрлігі 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі койған баға 28 мың теңге тоннасына. НДС-сыз. Бұл 31 наурызға дейін қойылып отыр.

ktk.kz хабарлағандай, көлік газы құнының ендігі бағасы қалай болары бес күннен соң белгілі болады. Көгілдір отынды өндіретіндер де, оны сататындар да Энергетика министрлігінің шешімін күтіп отыр. Сондай-ақ, аймақтағы газ тапшылығын мүлдем жою үшін зауыттан бөлінетін көгілдір отын көлемін екі мың тоннаға көбейту қажет екен. Мұны да Энергетика министрілігіндегілер елемей келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде