jasqazaq.kz

Ақтөбелік мұғалім сотта оқушысын ұрмағанын дәлелдеп шықты

27 сәуiр 2017, 13:00

Ақтөбеде №10 орта мектептің бұрынғы мұғалімі Мәдина Жұмабаева 3-сынып оқушысы Дильнара Мубаракованы ұрмағанын сотта дәлелдеді.

Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектеп оқушысы Дильнара Мубаракованың анасы Әсем Кумпакова сотқа арыз түсіріп, оның қызын мұғалімі Мәдина Жұмабаеваның ұратынын айтқан болатын. Сот кезінде оқушы қыздың мүддесін әжесі Гүлмира қорғады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, іс Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қозғалды. Кейін Ақтөбе қаласныдағы №10 орта мектеп оқушыларының ата-аналары бастауыш сынып жетекшісі Мәдина Жұмабаеваға «жақсы ұстаз» деп мінездеме беріп, ойларын ашық жеткізді. Кезекті сот отырысы кезінде мұғалім өзінің оқушыға қол көтермегенін, Дилнараның мінезі ауыр екенін айтты. Оқушы «басқа балаларға емес, тек маған назар аударыңыз» деп қиғылық салған. «Мәдина Жұмабаева Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша айыпталған болатын. ҚазАқпарат хабарлағандай, жеке айыптаушының арызы дәлелденген жоқ. М.Жұмабаеваның іс-әрекетінен қылмыстық сипат анықталмады»,- деді судья Н.Бисени. Сот үкімі күшіне енген жоқ. Оқушының ата-анасы 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіре алады.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде