jasqazaq.kz

Ақтөбелік лаңкестердің ісі сотқа жіберілді

07 қазан 2016, 18:18

20160905175330

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында орын алған террорлық акті бойынша қылмыстық істі сотқа дейін тергеу аяқталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасы хабарлады.

Аталған ведомство ақпаратына сәйкес, бұл іс бойынша 29 адам жауапқа тартылған.  Оның 9-ы терактіге тікелей қатысса, 18-і қылмысқа дайындық туралы ақпаратты бермеген. Ал тағы 2 адам қылмыскерлерді жасырған.

«Айыпталушылар мойындау жауаптарын берді. Іс бойынша 215 сараптама жүргізілді. Зардап шегушілер қатарында 101 адам бар. Оқиға орнындағы бейнежазбалардың мәліметтер банкі қалыптастырылды. Бүгінгі күні барлық тергеу іс-қимылдары аяқталды. Айыпталушылардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (Адам өлтіру), 192 (Қарақшылық), 255 (Терроризм актісі), 257 (террористік топ құру басшылық жасау және оның қызметіне қатысу) және басқа да баптары бойынша жіктелді. Ағымдағы жылдың 7 қазанында айыптау сотқа жөнелтілді. Іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Көзі жойылған 18 лаңкеске қатысты қылмыстық қудалау олардың қайтыс болуына байланысты тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде орын алған теракт салдарынан 7 адам, оның ішінде 3 бейбіт азамат қаза тапты. Мұнан бөлек, 30 адам, оның ішінде 14 бейбіт тұрғын жараланды. Лаңкестікке қарсы жүргізілген операция барысында 18 лаңкестің көзі жойылып, 9-ы ұсталды. Қару-жарақ дүкендерінен ұрланған барлық қарулар анықталып, тәркіленді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде