jasqazaq.kz

Ақтөбелік кәсіпкерлер жер теліміне таласып қалды

06 қараша 2016, 2:10

snimok

Ақтөбеде аумағы 2,7 гектар болатын жер телімі ағылшындық тәсілмен аукционға шығарылды. Өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысан құрылысына арналған 10 жер телімі 121 миллион 260 мың теңгеге сатылды. Тұрғын үй, шеберхана мен кафе, дүкен салуға ниет білдірген кәсіпкерлердің көбі газ құю бекеттерін салуға өтініш берген екен, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Дүкен, шайхана, газ құю бекеті мен тұрғын үй құрылысын жүргіземін деген ақтөбеліктер бүгін ағылшындық әдіспен бәссаудаға қатысты. Қала ішіндегі 2,7 гектар болатын жер телімінің алғашқы құны 2 миллион 170 мың теңге болды. Барлығы 100-ден астам адам өтініш беріп, кәсібін жандандыруды мақсат еткен екен. Әсіресе, соңғы жылдары сұранысы артып келе жатқан газ құю бекетін салуға арналған жер теліміне таласқа түскендер саны көп.

«Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде дүкендер, кафе, шеберхана, шағын наубайхана, көп пәтерлі тұрғын үй, автогаз құю бекетін салуға арналған жер телімі аукционға шығарылған. Негізінен 10 лот бойынша аукционға қатысу үшін 117 өтініш түсті. Әсіресе, Кірпішті мен Заречный ауылдары маңында сұйытылған газ құю бекетін салуға 50-ден астам адам ниет білдірді. Нәтижесінде осы жер телімдері қымбатқа сатылды»,- деді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

Айта кетейік, Кірпішті ауылындағы сұйытылған газ құю бекеті үшін бастапқыда 104 мың теңге сұралса, бәссаудада құны 30 млн теңгеге жетті. Ал Батыс-2 шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй салуға арналған 1,7 гектар жер 46,5 миллион теңгеге сатылды. Дүкенге арналған жер телімі алғашында 8 мың теңге болғанымен, кәсіпкерлердің қызығушылығы артып, баға 2,8 миллион теңгеге дейін көтерілді.

«Аукционға түскен жер телімі 3 жылға жалға беріледі. Жерге ие болған адам сол уақыт аралығында үй, шеберхана, дүкен, наубайхана салып, іске қосуы тиіс. Егер мақсатты түрде пайдаланылмаса, қайтарылады. Ал уәде бойынша құрылысты жүргізсе, жерді кадастрлық құнмен сатып алады немесе жалға беру мерзімін ұзартады. Бұл жерді алып, оны сатып, бизнес жасайтындардың жолын кесу үшін жасалды»,- деді Ұ.Мыңбаев.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, күні бүгінге дейін аумағы 16,1 гектар болатын 27 жер учаскесі 82 миллион теңгеге сатылған. Соңғы бәссаудада ақтөбелік кәсіпкерлер 10 жер телімінің бағасын 121 миллион 260 мың теңгеге дейін көтерді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде