jasqazaq.kz

Оқушының анасы қытай тіліне қарсы

16 қыркүйек 2016, 14:47

timm

Ақтөбеде қаласындағы №51 мектеп-гимназиясынан шу шықты. Бесінші сынып оқушысының ата-анасы баласына қосымша қытай тілін үйрету үшін ата-аналар жиналысы өткенін хабарлады.

«Балалар онсыз да қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақ оқиды. Енді келіп, аптасына екі сағат қытай тілін оқыту керек деп шешіпті. Оның үстіне, өзіміз орыстілді болған соң, баламызды қазақ мектебіне бергенбіз, — дейді аты-жөнін атамауды өтінген ата-ана.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева «Тілшіге» бұл жайттан хабарсыз екенін жеткізді. Дегенмен, «ата-аналар қаласа, қосымша курс ашуға болады» деді ол.

Белгілі болғандай, аталған мектеп-гимназиясындағы қосымша қытай тілі сабағын ашу туралы бастаманы ата-аналар емес, білім ордасының өзі көтерген екен.

«Біздің мектепте неміс, араб, француз тілдерінің мұғалімдері жұмыстан кетіп қалды. Қытай тілі маманы келді. Сондықтан, сарапшылар кеңесі осы пән бойынша қосымша сабақ өткізу жөнінде шешім қабылдадық. Аптасына екі сағат бесінші сынып оқушыларын оқытамыз. Мектеп бітірген түлектеріміз Қытайға оқуға кетіп жатады. Кейбірі ақылы негізде тіл үйреніп жүр. Осыларды ескере келе, биыл алғаш рет қытай тілі сабағын енгізіп отырмыз. Оның әрі қарай жұмыс істейтінін-істемейтінін келесі жылы шешетін боламыз, — дейді № 51 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Жанна Құспанова «Тілшіге».

Ақтөбе облыстық білім бақсармасының басшысы Сәуле Өмірбекованың айтуынша, «факультативті сабақтар оқу жоспарының вариативті бөлігіне сәйкес өткізіледі. Оған қатысу ерікті түрде, №51 мектеп-гимназиясы лингвистикалық білім беру мекемесі», — деді ол.

 

Асқар Ақтілеу

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде