jasqazaq.kz

Ақтөбедегі оқушылар ескі ғимаратты жағалап жүр

30 қыркүйек 2016, 0:03

snimok

Ақтөбе облысында бүтіндей бір мектеп апатты деп танылып, оқушылары ескі ғимараттарды жағалап жүр. Бір айдан бері 900 бала ескі аурухананың палаталары мен баспахана ғимаратына бөлініп, білім алып жатыр. Ал білім бөліміндегілер болса жаңа мектеп құрылысының сметалық құжаттары уақытында дайын болмағандықтан осындай қадамға баруға тура келді дейді.

Қандыағаш қаласында апатты деп танылып сүрілген мектептің 900 оқушысының ескі ғимараттарда оқып жатқандарына тура бір ай болған. Мыңға жуық баланың жартысы тар баспахана ғимаратына бөлінсе, жартысы бұрынғы аурухананың сыныпқа айналған палаталарында білім алып жатыр. Бір қызығы, уақытша қазір оқушылар отырған аурухана ғимаратына тілшілерді кіргізуге әкімшілік түбегейлі тыйым салыпты.

Мектеп ұжымының кімнен, нені жасырғысы келгені белгісіз. Белгілісі 400 ден аса балаға ескі ғимараттың да тарлық етуі екен. Және бірнеше жылдан бері қараусыз тұрған ғимараттың қабырғалары ескіріп, төбелерінен су кеткенін ұжымдағылар айтып отыр.

ЛӘЙЛӘ ҚАЛИЕВА, Қандыағаш қаласы №1 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

— Мектептей болмайды енді, қайдан мектептей болады. Бірақ енді сондай жағдай, тығырықтан шығуымыз керек.

Ал ескі мектеп тамыз айында ғана апатты деп танылып, сүрілу туралы шешім қабылданған. Республикалық бюджеттен 1 миллиард 120 миллион теңге бөлініп, орнына жаңа мектеп салынбақшы екен Ал оқушылардың ескі ғимараттарда оқып жатқандығын мамандар бос оқу орнының жоқтығымен түсіндірді.

НҰРЛЫБЕК ЖҮСІПОВ, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы:

— Бізде Қандыағаш қаласының басында бес мектеп бар. Бес мектептің барлығы да сыймдылығымен толық отыр балалар. Бүгінгі таңда бұл мектептің балалары әр мектептерге бөліп оқытқаннан гөрі, ондай жағдайда мектептердің бәріне сыймаған болар еді.

Сондықтан қаладағы бос тұрған ғимараттарды жалға алдық дейді аудандық білім бөліміндегілер. Тіпті бұл үшін де айына аудандық бюджеттен бір миллион теңге төленіп отыр екен. Ал жаңа мектеп құрылысының аяқталуы 2017 жылдың еншісінде деп күтілуде.

31.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді