jasqazaq.kz

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды

21 желтоқсан 2016, 3:13

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды.

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тұтқындаулар енді Астанада жалғасып жатыр. Бұл жолы Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғасының қолына кісен салынды. Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Рахат Аханов тіпті тергеуге алу үшін Ақтөбеге жеткізіліп те қойған. Оған осы аймақта қара алтын ұрлаумен айналысқан топқа қолдау көрсеткен деген айып тағылып отыр.

Рахат Аханов 5 жыл бойы Ақтөбеде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Жаздағы лаңкестік оқиғадан соң қызметін ауыстырып, Астанаға ауысқан. Мәліметтерге қарағанда, Аханов Ақтөбедегі қара алтын ұрлаған мафияның әрекетіне көз жұмғанымен қоймай, мұнайды өткізуге көмек беріпті. Осы қылмыстық топты «Ағайынды төртеудегі» Еркін Ізбасар басқарған. Арбаға таңылған ол қазір сыбайластарымен бірге қамауда отыр. Қылмыстық топ құрамында болған 16 адамның арасында салафиттер мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде