jasqazaq.kz

Ақтөбеде тіс дәрігерін кепілге алған қылмыскермен болған келіссөздің видеосы жарияланды

16 наурыз 2017, 15:09

Ақтөбеде тіс емханасына басып кіріп, қызметкерлердің бірін кепілге алған қылмыскердің өлтірілгенін бұған дейін жазған болатынбыз. 5 сағатқа созылған келіссөздер нәтижесін бермеген соң арнайы жасақ өкілдері оны атып тастаған еді. Бүгін Интернет желісінде осы келіссөз жүргізілген сәт бейнеленген видео жарияланды.
Полицейлердің мәлімдемесіне сенсек, қылмыскер өзінің ажырасқан әйелін алдыртуды талап еткен. Дәрігерді кепілге алудан 3 сағаттай уақыт бұрын ол бұрынғы енесін пышақтап, ауыр жаралағаны да белгілі болды. Тіпті, келіссөздер кезінде әйелін өлтіруге ниеттеніп жүргенін де айтқан. Бұл туралы alashinform.kz жазды.
«14 наурызда сағат 19.00-де Ақтөбе полициясына белгісіз ер адамның стоматология әкімшісі — 1991 жылғы азаматшаны кепілге алып, өлтіремін деп қорқытқаны жайлы хабар түсті. Ер адамның қолында пышақ болған. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін қылмыскердің жеке басын анықтады, ол 1993 жылғы азамат, жұмыссыз, 2016 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді