
Ақтөбе қаласының №2 соты қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша — терроризмді насихаттау, террористік топқа қатысу және ұлттық немесе діни араздықты тудыру бойынша күдікті Руслан Қуановты ұстауға санкция берді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
«Руслан Қуанов ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлімі, 257-бабы 2-бөлімі, 174-бабы 1- бөлімінде қарастырылған — өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысу,әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде», — деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен 21 шілде күні Руслан Қуанов екі айға қамалды.
ҚазАқпарат