
Ақтөбедегі ҰҚК шекара қызметінде оқу орталығы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Əскери капитан қызметін асыра пайдаланып, өзіне бағынышты сарбаздардан ақша бопсалаған.
«Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің капитаны Д. лауазымды қызметкер бола тұра, өз қызметін асыра пайдаланған. Ол қарамағындағы 103 сарбаздан заңсыз ақша ұстап отырыпты.
Сонымен қатар, капитан Д. тергеу кезінде сарбаздарға қысым жасап, жалған ақпарат беруге итермелеген. Тергеудегі қылмыстық іс сотқа түсті», — деп хабарлайды Ақтөбе гарнизоны əскери сотының баспасөз қызметі.
Əскери капитан сарбаздарға ақшаны есепшот арқылы аудартқан.
NUR.KZ хабарлағандай, 103 сарбаздан ақша бопсалаған капитанға қатысты сот отырысы ертең Ақтөбе гарнизоны əскери сотында басталады.