
Ақтөбеде полиция қызметкерін көлігімен 10 метрге сүйреп кеткен компания директоры қамауға алынды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Оқиға түнде болды. Ақтөбедегі Ахтанов пен Уалиханов көшесінің қиылысында жол ережесін бұзған көлікті тоқтатпақ болған тәртіп сақшысының өзі зардап шекті.
Land Cruiser Prado полиция қызметкерін 10 метрге сүйреп кеткеннен кейін ғана тоқтаған.
Көліктің капотына құлаған полиция қызметкерінің жағдайы жақсы.
Ал полицейді сүйреген жүргізуші оқиға орнында ұсталған.
Сенімді дереккөзі жол ережесін бұзған жүргізушінің Жаңажолда жеке компанияның директоры болғанын айтады.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда отыр.