jasqazaq.kz

Ақтөбеде құмалақшы мен сақалдының бір-біріне жұлдызы қарсы

12 қыркүйек 2016, 0:25

Ақтөбедегі телефон сатушы жігіттердің жұмысы қызып тұр. Тұрғындар бағасы базардан арзан телефонды сатып алуға жиі барады. Базар маңында ұсақ сауданың жанында бал ашып отыратын құмалақшылар болса, телефон сатушы жігіттермен сыйыспай жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«Мен құмалақ ашпаймын, заманауи боламын деп жүрдім. Оның бәрі бекер болды. Мені бойымдағы күшім жатқызбайды, өзім арқасы бар адаммын. Маған аян кішкентай кезімнен келген. Батаны адамнан алған жоқпын, моладан алдым. 536 жылдан бері тұрған мола маған аян беріп, арқалы қылды. Ол моланың жер бетінде тұрғанына 1500 жылдай болған. Соның күшімен карта саламын. Алдымда карта да, құмалақ та бар. Олар тек көмекші құрал. Ал адамның өмірі туралы бетіне қарап айтып беремін. Адамдар көбіне жоғалған жылқыларын, малдарын сұрап келіп тұрады. Басқа қалалардан да хабарласып тұратындар бар. Менің айтқанымның бәрі тура келеді», — дейді Базаргүл Елдесова.

Құмалақшы қызметінің бағасы туралы айтып отырып тоқтап қалды. Ол қасына отыра қалып, құран аяттарын оқып жатқан жігітке алғашында үркіп қарағанымен кейін әңгімесін қайта жалғады.

«Қасыма адам келсе, телефон сатып жүрген осы жігіттер отыра қалып арабша бірдеңе оқып жатады. Оқи берсін, ол оқығанда мен тазармасам, зиян алмаймын», — деген құмалақшының сөзі телефон сатушы жігітті ашуландырды.

Құмалақшы бал аштыруға келген адамдармен әңгімесі осылай аяқталатынын айтты. Айтуынша, полиция қызметкерлері де топ болып телефон сатып жүрген оларға келгенде қауқарсыз екен.

«Полиция дейсің бе? Шақыр осы жерге! Не деп шақырасың? Полицияны жетектеп әкел, мен олардан қорқайын деп тұрған жоқпын» деген телефон сатушы полиция дегенді естігенде одан сайын ашулана түсті.

Құмалақшылар олардан қорыққандықтан көп жағдайда қарсы келмейтіндерін айтады.

фото: inform.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді