jasqazaq.kz

Ақтөбеде еститін, көзі көретін, тек иіс сезбейтін күшік-робот жасалды

29 шiлде 2016, 14:13

teksta-1_3

Ақтөбеде еңбек пәні мұғалімінің жетекшілік етуімен иіс сезуден басқа барлық сезім мүшесі бар күшік-робот жасалды.

— Роботқа енгізілген бағдарлама бойынша, алдында қызыл түсті байқаса, ол бұрылып өтеді, қорылдап ұйықтайды, ашуланады, тіпті тамақтанады. Тек иіс сезу қабілеті жоқ, — дейді Алға қаласындағы орта мектептердің бірінің оқытушысы Алтынбек Сидалиев.

Оның айтуынша, биылдан бастап орта білім беру мекемелерінде робототехнология пәні енгізілмек. Соған байланысты облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика және технология пәндерінің мұғалімдері он күндік арнайы курс оқып жатыр.

— Тәжірибе ретінде бірнеше мұғалім болып, робот жасап шығу керек болды. Менен басқалары программистер екен, еңбек технологиясы пәнінен бір өзім ғана. Жобаға жетекшілік етемін, — дейді осыған дейін талай туындысымен көзге түскен Алтынбек Сидалиев.

Айта кетейік, мұғалім жігіт жапыраққа сурет салады, ескі пластинкалардан түрлі мүсіндер жасап келеді. Сонымен бірге, былтыр Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен электрокар жасап шығарды. Аудан орталығында үлкен парашют ұшырды.

— Жаңа оқу жылында робототехнология пәні тек бір — біздің мектепте оқытылады. Алға ауданы бойынша, әзірге бір өзім өзге әріптестерімді үйретуім керек. Негізі, мұндай пән бұрыннан керек еді, — дейді шебер «Тілшіге» берген сұхбатында.

 

Асқар Ақтілеу

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде