
Ақтөбеде алты сағат бойы бойжеткенді кепілдікте ұстап, кейін полицейлер қолынан қазақ тапқан Абылай Тлеуов жерленді. Бүгін жерлеу рәсіміне барған бірнеше журналистке марқұмның туыстары қоқан-лоққы көрсеткен.
Қоғамда үлкен шу туғызған оқиғаның журналистер назарында болатыны анық. Бүгін марқұмның жерлесу рәсіміне барған «Қазақстан» ұлттық арнасы жергілікті бөлімшесінің операторы мен журналисін белгісіз адамдар соққыға жықты. Олар операторды соққыға жығып, ұра бастаған.
Ал NUR.KZ тілшісінің фотоаппаратын сындырып тастаған. Болжам бойынша, портал тілшісіне қоқан-лоққы көрсетіп, арыз жазса өлтіремін деп қорқытқан марқұмның інісі болуы мүмкін. Бұл туралы nur.kz хабарлады.