jasqazaq.kz

Ақтөбеде арнайы операция: Бір әйелді кепілге алған ер адамның көзі жойылды (видео)

15 наурыз 2017, 9:17

Ақтөбеде жергілікті тіс емдеу мекемесінде арнайы операция өтіп, тіс дәрігерін кепілде ұстаған ер адамның көзі жойылды. Ер адам бұрынғы әйелін алып келуін талап еткен, бұл талабы орындалмаса кепілдегі әйелді өлтіремін деп қорқытқан.

Жергілікті тұрғын тіс дәрігерін мекеме ғимаратының ішінде кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл стамоталогияда оның бұрынғы әйелі жұмыс істеген. Оқиға кешкі уақытта болғандықтан, медмекеменің ғимаратында клиент болмаған, тек персоналдан бірнеше адам қалған. Оқиға «Батыс» ауданында болды. Әлеуметтік желілерде Ақтөбе тұрғындары оқиға орнынан сурет пен видеолар жариялап жатыр. Куәгерлер оқиға орнына тіпті тікұшақтың қонғанын айтты. Tengrinews.kz хабарлағандай, «14 наурызда сағат 19.00-де Ақтөбе полициясына белгісіз ер адамның стоматология әкімшісі — 1991 жылғы азаматшаны кепілге алып, өлтіремін деп қорқытқаны жайлы хабар түсті. Ер адамның қолында пышақ болған. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін қылмыскердің жеке басын анықтады, ол 1993 жылғы азамат, жұмыссыз, 2016 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде