jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында мал неден қырылды?

13 мамыр 2016, 19:22

1

Мал дәрігерлері Ақтөбе облысының Қобда ауданында үй жануарларының ауруға шалдығу себептерін хабарлады. Алдын ала болжамдар расталды: Ұлттық Ветеринария жөніндегі орталық мамандары жануарлардың пастереллезге шалдыққандарын мәлім етті. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифинг барысында Қобда ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев хабарлады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 26 сәуірінде Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылында ірі қара малдың ауруға шалдыққаны туралы хабар келіп жетті. Оқиға орнына ветеринарлық қызмет, облыстық ветеринарлық зертхана мен Ұлттық референттік орталықтың мамандары барған болатын.

Мал дәрігерлер 13 бас үй жануардан биологиялық материал алып, астаналық зертханаға жолдады. Асқар Жүсібәлиевтің айтуынша, барлық сынамада пастереллез қоздырғышы табылған.

Ауыл аймақта тексеру жұмыстары жүргізілді. Ауруға шалдыққан жануарлар бір өлкеден. Жергілікті тұрғындардың келісімімен мал еті өнеркәсіптік қайта өңдеуге жіберілді. 157 бас мал сойылды. Ауыл тұрғындарынан еттің келісі 900 теңгеден сатып алынды. Мал еті бюджеттен тыс қаражатқа алынды, — деді Қобда ауданының әкімі.

Қазіргі таңда Әлия ауылында сауықтыру шаралары қолға алынуда. Пастереллезге қарсы 1100 бас ірі қара мен 4000 бас ұсақ малға вакцинация жасалды, қоралар зарарсыздандырылды.

Мал дәрігерлері күн сайын аулаларды аралап, эпизоотиялық мониторинг жүргізіп келеді. Асқар Жүсібәлиевтің айтуынша, жануарларда қайтадан аурулар кездеспеді.

 

Бекбол Құлдан

Ақтөбе

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде